$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Американдық 13 БАҚ CNN телеарнасының АҚШ президенті Дональдқа қарсы арызын қолдады

AstanaTV
15.11.2018ж. 20:00
3290
Американдық 13 БАҚ CNN телеарнасының АҚШ президенті Дональдқа қарсы арызын қолдады

13 американдық бұқаралық ақпарат құралы CNN телеарнасының АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның бірнеше қызметкеріне қарсы арызын қолдады. Беделді баспасөздер қатарында Президенттің сүйікті басылымы-Fox News те бар. Бұл медиа алпауыт CNN-мен 20 жылдан бері бәсекелестікте жұмыс істеп келгеніне қарамастан, әріптестерін қолдады. Компания басшысы өз әрекетін «Мәселе баспасөз бостандығында», - деп түсіндірді.  

Джей УОЛЛЕС, FOX NEWS ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Біз Президенттің өктемдікпен сөйлеген сөзі мен жуықта берілген жаңалықтарды да ақтай алмаймыз. Бірақ, еркін баспасөз бен Америка халқының ашық ақпарат алуын қолдаймыз.

Бұл CNN мен Америка президентінің алғашқы текетіресі емес. Дональд Трамп телеарнаны жалған ақпарат жариялағаны үшін бірнеше рет айыптады. Соңғы рет ондай жағдай Ақ Үйдегі баспасөз кездесуінде журналист Джим Акоста АҚШ шекарасына жақындап келе жатқан мигранттар керуені туралы сұрақ қойған кезде болған. Тілші ол жолы Трамптың босқындарды «Жаман адамдарға» теңегенін сынға алған еді. Президент оған жауап беруден бас тартып, қызметкерлері микрофонын тартып алған. Кейін тілші пресс-картасынан да айырылды.  

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жеткілікті. Микрофонды беріңіз. CNN-де сіз сияқты адамның жұмыс істеуі ұят. Сіз дөрекі әрі нашар адамсыз. Онда жұмыс істемегеніңіз дұрыс.

А. Қуаш