$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Astana Club-тың отырысы. Трамп пен Макронның айтысы

AstanaTV
17.11.2018ж. 20:00
2524
Astana Club-тың отырысы. Трамп пен Макронның айтысы

Әлемдік саясаткерлер, сарапшылар, дипломаттар бас қосатын Astana Club-тың 4-жиыны - халықаралық деңгейде пікір алысатын форум өткен, Президент Еуразия кеңістігі үшін алдағы жылы тереңдеуі мүмкін тәуекелдерге орай өз пайымын білдірді. Мысалы, ірі державалар арасындағы текетірес ұлғайып барады. Тиісінше, бірнәрсені болжап білу қиындап кетті. «Көз алдымызда Үлкен Еуразияның контуры қалыптасып жатыр. Бұл процеске ғаламдық ойыншылардың ара салмағының өзгеруі мен аймақтық державалардың арасындағы бәсекенің өсуі ықпал етеді. Олардың бәрі әлемдегі тәртіп ережесінің болашақ форматына орай фундаментальді қайшылықтардың еңсере алмай отыр», деді Н.Назарбаев. Ресей, АҚШ және Қытай арасындағы геосаяси бәсеке үнемі болған, бірақ қазіргі уақыттағы текетіресті ауыздықтау тіпті қиындап кеткендей.     

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Сложные моменты в этом стратегическом треугольнике всегда присутствовали, если мы вспомним историю. Однако уровень их управляемости в последние годы резко снижается. Отныне масштабные кризисы возможны как никогда. В разы увеличивается вероятность инцидентов, способных перерасти в полномасштабные конфликты, недопонимание, просчеты в кризисных ситуациях могут привести к военной конфронтации.

Державалар бір-біріне «сауда соғысын» ашық жариялай бастады. Әлемдік экономиканың үштен біріне, ғаламдық экспорттың 20 процентіне ие АҚШ пен Қытайдың сондай соғысы әлемдік экономиканың әлсіреуіне ықпал етеді. Дамушы елдердің жағдайын нашарлатады. Ал кедейлік пен жұмыссыздық терроризм, сепаратизм және үдере көшуге әсер ететін факторлар. Жарқын мысал: Ауғанстан.   

Сондай-ақ, рас па? – деп қаласың: былтыр әлемде 10 мыңдай теракт болған. 26 мың адам ажал құшқан...

Н.Назарбаев 1975 жылы қабылданған Хельсинки қорытынды актісін жаңартуды ұсынды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 33 еуропа мемлекетінің, АҚШ пен Канаданың және КСРО басшылары қол қойған құжатта екінші дүниежүзілік соғыстың территориялық және саяси қорытындысы бекітілген. Мемлекеттердің қарым-қатынасын реттейтін 10 принцип жазылған.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Понимаем, что процесс заключения новых соглашений будет непростым, тем более, некоторые великие державы считают за благо работать в двухстороннем порядке, а не в многостороннем формате. Безусловно, в этом деле многое будет зависеть от позиции мировых держав. В этой связи хотелось бы призвать мировые державы к совместной деятельности по заключению нового соглашения.

Сонымен бірге Н.Назарбаев Азия аймағының өз ұжымдық қауіпсіздік ұйымын құру керек, деп есептейді. Қазақстан Президентінің пайымынша, оны кезінде Астана бастамасымен құрылған құрамында 30 мемлекет бар Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің аясында жасақтауға болады. Ал идеяны іске асыру үшін Астанада ЕҚЫҰ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары туралы кеңес және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері ассоциациясының қауіпсіздік жөніндегі бірлескен жиынын өткізуді ұсынды.

Назарбаевтың сөзі рас, Батыс әлеміндегі одақтастардың өзі соңғы уақытта бір-бірін шымши сөйлеп жүр. Осы аптада Д.Трамп пен Э.Макрон, Америка мен Франция президенттері, сөз таластырып қалды. Франция ақпарат құралдары «Дональд Трамппен бәтуаға келмеңіз!» деп, өз президентін жақтады. Франциялық әріптестерін неміс және британ баспасөзі қолдады. Le Figaro еуропалықтарды Трамптың шектен шығуын бетіне басып, Еуропаға пайдасы жоқ келісімдерден шығуға үгіттеп жатыр.

 «Дос» болып көрінген Трамп пен Макронға не болып қалды?

«Сіз менің кім екенімді білесіз бе? Мен ұлтшылмын, түсінікті ме? Ұлтшылмын. Осы сөзімді пайдаланыңыз, пайдаланыңыз!» - Бұл АҚШ президентінің сөзі.  

«Франция позициясы өз мүддесін ғана ойлайтын адамдардың эгоизміне қарама-қайшы. Ұлтшылдық – патриотизмді сатып кету» - Ал бұл Франция президентінің сөзі.  

Трамп тоқтамайды - ол Макронның төмен рейтингісіне тиісе кетті. «Эммануэльді Францияда қолдау өте төмен, бар-жоғы 26 процент. Жұмыссыздық деңгейі 10 процентке жетіп қалды. Ол басқа тақырыпқа ауысып кеткісі келді...».

Франция президенті апта басында «қауіпсіздік бойынша еуропалықтар АҚШ-қа арқа сүйей алмайды, біз өзімізді Қытай, Ресей, тіпті сол Америкадан қорғай алуымыз керек, ол үшін Еуропаның өзінің Армиясын құру қажет» деген мәлімдеме жасаған. Трамп мұны ести сала әдеттегідей, ашуға булығып Твиттерде жазба қалдырған: «Эммануэль Макрон Еуропаны АҚШ, Қытай және Ресейден қорғау үшін армия жасақтауды ұсынды. Бірақ мұнымен бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия айналысқан. Бұл Франция үшін қалай аяқталды? АҚШ араласқанша олар Парижда неміс тілін үйрене бастаған еді. Одан да Солтүстік Атлантика Одағына төлеңдер немесе ешкімге!». Айтпақшы Трамп француз шарабына салықты көтеруді ойластырып жатқан көрінеді. Ең қызығы, Макронның Солтүстік Атлантика одағынан бөлек, Еуропаның өз армиясын құру идеясын Германия канцлері Ангела Меркель құптайды. Ол тіпті қосымша Еуропаның қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынады. Осындай«метаморфозалар». Ауыспалы мағынасында көне рим ақыны Овидийдің «Метаморфозалар» поэмасын еске түсіреміз. Тура мағынасында табиғаттағы метаморфозды. Табиғатта метаморфоз көбірек омыртқасыздарға тән екен. Кенеттен басқаға айналып кету – тіршілік ортасы шұғыл өзгергенде болатын құбылыс.