Түркістан облысы Петропвалдан гөрі жанармайды 5 есе көп тұтынады. Дизельдік отынның көрсеткіштері де сол шамасында. Еске салайық, өткен аптада энергетика министрі Қанат Бозымбаев шекаралас аймақтар сұйық отынды көп пайдаланатыны жөнінде мәлімдеме жасаған. Оның пікірінше, арзан жанармайды өңірлер Ресейге тасып жатыр. Бензин нарығындағы шынайы жағдайды аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин білуге тырысты.
Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Солтүстік Қазақстан облысында сұйық отынның заңсыз шекара асыру фактілері тіркелмеген. Жергілікті билік өкілдері Энергетика министрінің шекаралас аймақтар жанармайды сыртқа сатады деген дерегін жоққа шығарды.
Жыл басынан бері аймақта көліктер АИ-92 маркалы бензиннің 68 мың тоннасын тұтыныпты. Тапшылық болмаған, қазір де бұл нарық тұрақты,-деді мамандар.
Ләззат ҒАЛЕЕВА, СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Мұнай өнімдерінің Ресейге тасымалдану фактілері тіркелген жоқ. Өңірде жанармай мен дизельдік отынның дефициті байқалмайды. АИ-92 маркалы бензиннің әлі алты мың тоннасы бар, бұл бізге 25 күнге жетеді. Ал, солярканың төрт мың тоннасы сақтаулы тұр.
Ірі жанармай құю станциялары иелерімен кездескен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев шекаралас облыстар сұйық отынды көп пайдаланады. Бұл тегін емес. Олар қымбатқа сыртқа сатады деп мәлімдеген. Мұның соңы, елде дефицитке соқтырады деген қаупін де жасырмаған.
Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
Егер, Ресейде жанармайдың құны өссе, бізде бензиннің тапшылығы пайда болуы мүмкін. Сондықтан, шекараға ие болу керек. Болмаса, Қазақстанда жанармайдың құнын Ресейдегідей 240 теңгеге дейін қымбаттату қажет. Бірақ, бұл әрине мүмкін емес.
Дегенмен, Түркістан облысы жанармайды Солтүстік Қазақстан облысына қарағанда бес есе көп тұтынады. Мәселен, оңтүстік жылына шамамен 470 мың тонна АИ-92 пайдаланады, ал Қызылжар өңірінде бұл көрсеткіш бар жоғы 80 мыңға жуықтайды. Дизельдік отынды тұтыну көлемі де әлдеқайда төмен.
Қайыпбек ҚАМБАРОВ, ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Шымкент қаласында октябрь айында АИ-92 маркалы бензинді алатын болсақ, 25 мың тонна қажеттілігі, ал Түркістан облысында 16 мың тонна. Орта есеппен 41 мың тонна болып тұр. Дизель отыны Шымкент қаласында 12 мың тонна, Түркістан облысында 17 мың тонна. Неге десеңіз, Түркістан облысында райондарға қажеттілік көбірек.
Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:
Сонымен, Қызылжар тұрғындары Ресейге жанармай сатпайтын сияқты. Бірақ, олар көрші елден көлік сатып алатыны рас. Қазір тіпті , ресейлік нөмір тағынған машиналап қаптап кетті. Жанармай тұтыну көлемі көп көліктерге салық бізде қымбат. Ресейде арзан көрінеді. Салықты айналып өту үшін, Петропавлдықтар осындай қулыққан көшкен.
А. Құрманкин