Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына санкция салып, «Әлемдік экономиканы талқандамауға» уәде берді

AstanaTV
21.11.2018ж. 20:00
2764
АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына санкция салып, «Әлемдік экономиканы талқандамауға» уәде берді

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына санкция салып, «Әлемдік экономиканы талқандамауға» уәде берді. Оның айтуынша, саудтық журналист Хошшогидің өліміне бола маңызды одақтасы Эр-Риядпен қарым-қатынас бұзылса, мұнай бағасы «Аспандап» кетеді. Америка басшысы мұны қаламайды. Айта кетейік, Вашингтон мен Эр-Рияд арасында миллиардтарды құрайтын бірлескен келісім-шарт бар. Сарапшылар Сауд Арабиясына санкция салынса, алдымен АҚШ-тың өзі зардап шегеді деп отыр.  

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Мен Сауд Арабиясына қатысты аңдамаған әрекет жасап, еліміздің экономикасын бұзбақ емеспін. Қазір бізде мұнай бағасы арзан. Мен оның одан да төмен болғанын қалаймын. Сіздер мұнай 150 долларға көтерілгенін қаласаңыздар, Ресей тек қуанышты болар еді. Немесе Сауд Арабиясымен қарым-қатынасты үзуге болады.

Г. Меңдеева