Спорт Қазақстан
$447.89 €476.78 ₽4.79
×

«Алмэкс» ауыл мен шағын қала кәсіпкерлеріне кепілсіз несие береді

AstanaTV
17.02.2016ж. 20:00
1696
«Алмэкс» ауыл мен шағын қала кәсіпкерлеріне кепілсіз несие береді

«Алмэкс» холдингі ауыл мен шағын қалалардағы ұсақ кәсіпкерлерге кепілсіз несие береді. Қаражат «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы үлестіріледі. Бұл туралы бүгін палата басшылығы мәлімдеді.

Холдинг барлығы 1 млрд 2 млн теңге бөліп отыр. Бұл қаражат әзірге 4 облысқа бағытталды. Олар Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау облыстары. Қажетті соманың кімдерге бұйыратынын әкімдік емес, жер-жердегі беделді кәсіпкелерден құралған комиссия шешеді. Әр бизнес жобаға 15 млн теңгеге дейін беріледі. Қайтару мерзімі үш жылға дейін. Ал жылдық үстемақы 7 пайызды құрайды.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

Ол проценттер палата да пайда таппайды, «Алмекс» те тегін. Ол сонымен айналыстан эксперттердің айлығын ғана төлеу үшін, бизнес планын жазатын бар. Әр ауданда кәсіпкерлерді қолдау орталығы бар, соған келіп осы бағдарламаға қатысам деген азамат өзінің арызын береді.

Ауыл кәсіпкерлерінің қарызды қайтару көрсеткіші жоғары. Дегенмен, тәуекел бар. Кепілсіз қаражат кәсіпкерлердің бұған дейінгі несие тарихын тексеріп барып, беріледі. «Алмэкс» холдингіндегілер қазіргі уақытта банктер беретін несие шағын бизнеске тиімсіз екенін айтады. Сондықтан алдағы уақытта басқа да қаржы ұйымдары осындай қадамға баруы мүмкін деді. Оның ішінде «Верный капитал» тобы қызығушылық білдірген.

Мәжит Есенбаев, «Алмэкс» холдингтік тобы» АҚ басқарма төрағасы:

Біздің акционерлер Тимур Асқарұлы Күлібаев пен Динара Нұрсұлтанқызы Күлібаева. Пайысыз несие бөлу - сол кісілердің бастамасы. Егер басқа да облыс әкімдіктері кәсіпкерлер палатасы арқылы осындай шартпен жұмыс істеуге дайын болса, біз қарсы емеспіз.