$512.32 €582.92 ₽6.29
×

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында қазақстандықтар 13 млрд теңге несие алған

AstanaTV
17.02.2016ж. 20:00
2018
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында қазақстандықтар 13 млрд теңге несие алған

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында қазақстандықтар 13 млрд теңгенің несиесін алған. Олар - елде құрастырылған автокөліктер. «Қазақстан Даму Банкі» аталған бағдарлама бойынша 5 мыңнан аса адамға автонесие берген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте банктің басқарма төрағасы Болат Жәмішев айтты. 

Болат Жәмішев, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы:

Автонесие бойынша Ұлттық қордан бөлінген 15 млрд теңге қаржының бірінші траншы 87 пайызға игерілді.  2016 жылы бөлінген 11 млрд теңге 12,7 пайызға игеріліп, 1,4 млрд теңгеге автонесие берілді. Болашақта үкіметпен бірлесе отырып, бұл жүйені әлі де жетілдіре түсу жолдарын қарастырмақпыз.

Төраға сондай-ақ Қазақстан Даму Банкі бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқанын айтты. Былтыр бизнес қауымдастық өкілдері банк жұмысының тиімсіздігін айтып, сынға алған. Осыдан соң бірқатар сарапшылардың көмегімен проблемалар қайта қаралған. Нәтижесінде бизнес-процесті жетілдіру үлгісі әзірленіпті.

2015 жылы Қазақстан Даму Банкінің кредиттік портфелі 20 пайызға артқан. Атап айтқанда, оның мөлшері жоспарланған 943 миллиард теңгеден асып, 1,5 триллион теңгені құрады,  - деді Жәмішев. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ