$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Еуро Одақ: Өзбекстанда адам құқықтарының жайы жақсарды

AstanaTV
24.11.2018ж. 20:00
2133
Еуро Одақ: Өзбекстанда адам құқықтарының жайы жақсарды

Еуропа Одағына уақытша төраға Австрияның сыртқы істер министрі Карин Кнайсль Өзбекстандағы адам құқықтарының жайы соңғы екі жылда жақсарғанын мәлімдеді деп хабарлады «Азаттық» порталы. Австрия сыртқы істер министрі Брюссельде өткен Еуропа Одағы - Өзбекстан ынтымақтастық кеңесінің жиынынан кейін Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен баспасөз конференциясын өткізген. 

"Еуропа Одағы алаңдап отырған, ар-ұждан тұтқыны тізімінде болғандардың көбі босатылды. Мен ол тізімде бір адам ғана қалғанын білемін және енді ол тізім жойылып, босап шыққан барлық адам ақталса жақсы болар еді", - деген Кнайсль. Австрия министрінің пайымынша, олар "Өзбекстанда барлығының дұрыс жолда келе жатқанын бақылап отыр".