Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ұлы дала конкурсы

AstanaTV
26.11.2018ж. 20:00
4411
Ұлы дала конкурсы

«Нұр Отан» партиясы жас ақын-жазушылар арасында «Ұлы дала» атты байқау жариялады. Онда 18-40 жас аралығындағы барлық шығармашыл жастар бақтарын бәйгеге қоса алады. Байқау тақырыбы мен жүлдесі қандай? Тілші толықтырады.  

Байқаудың шарты қарапайым. Қолына қалам алған кез келген қазақстандық туындыларын байқауға жолдай алады. Жеңімпаздар бес номинация бойынша анықталады. Және әрқайсысына үш орынан беріледі. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Президентіміздің осы екі мақаласында айтылған идеяларын дәріптеу үшін проза, поэзия, драмматургия жанрларындағы ұтымды шығармалар керек екені сөзсіз. Жақсы киносценарийлер де керек. Балалар үшін де арнайы туынды қажет деп есептейміз.

Шығармашылық байқау «Ұлы дала» деп аталады. Бұл Елбасы бастамаларын іске асыру мақсатындағы партиялық жобаның бірі. Байқау қорытындысын ақын-жазушылардан құралған комиссия анықтайды. 

Төлен ӘБДІК, ЖАЗУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:  

Тереңірек зерттеліп, ғылыми негізде Отанымыздың, біздің тарихымыздың қаншалықты орын алатынын көрсететіндей етіп, өте бір дұрыс материал беріп отыратын болсақ, бұдан түсетін пайда өте үлкен.

Қоғамдық байқаудың жүлдесі қомақты. Бірінші орынға 1,5 млн теңге, екінші орынға 750 мың теңге, үшінші орынға 500 мың теңгелік ұтыс тігілген. «Ұлы дала» байқауына қатысушылар келер жылдың 15 қаңтарына дейін шығармаларын жібере алады. Толық ақпарат «Нұр Отан» сайтында көрсетілген. Тағы бір ескере кететін жайт Мәулен Әшімбаев енді осындай конкурс жыл сайын ұйымдастырылатынын мәлімдеді.  

У. Қабылтайұлы