$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Солтүстік Қазақстан Ресеймен шекаралас 5 облыс тұрғындары үшін медициналық туризм орталығына айналуы мүмкін

AstanaTV
27.11.2018ж. 20:00
5091
Солтүстік Қазақстан Ресеймен шекаралас 5 облыс тұрғындары үшін медициналық туризм орталығына айналуы мүмкін

Ал, Солтүстік Қазақстан Ресеймен шекаралас 5 облыс тұрғындары үшін медициналық туризм орталығына айналуы мүмкін. Жуырда Петропавлда Елбасының тікелей нұсқауымен заманауи медицина орталығының құрылысы басталмақ. Бұл жайында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берген облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты. Петропавлда жуырда ғана шекаралас елдердің форумы өткен еді. Бұл шараға дайындық барысы аясында шаһарда 650-ден астам ескі үй сүрілді. Олардың тұрғындары түрлі мемлекеттік бағдарламар арқасында жаңа баспанаға ие болды. Теріскейге «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерден келген мыңнан астам студент білім алып жатыр. Олар өңірдің демографиялық ахуалын жақсарту үшін Қызылжар жерінде еңбек етуге қалса, әкімдік түлектерді тегін баспанамен қамтуға да дайын. Сондай-ақ, жуырда Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында аталып өткен жылқыны қолға үйрету Солтүстік Қазақстан олысындағы Ботай қонысында алғаш қолға алынғандығын ғалымдар дәлелдеген. Алдағы жылдары бұл жерді археологиялық туризмге айналдыру үшін ашық аспан астындағы мұражай ашылмақ. Ал, бұған дейін Ресейдің көршілес қалаларына емделуге жиі баратын солтүстікқазастандықтарға өңір басшысы жағымды жаңалық айтты.  

Құмар АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  

700 орындық аурухана болады. Бұл аурухана ең заманауи жабдықтармен жабдықталады. Ең заманауи. Бүкіл әлемдегі ең жақсы қондырғыны біз осы жерге әкеліп, облыс тұрғындары көрші облыс тұрғындары және Ресейдің Омбы мен Қорған облыстарының азаматтары бізге келіп емделуге болады деп осындай мақсатта істеп жатырмыз.

Г. Тасболатқызы