$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана процесі өз міндетін толық орындады

AstanaTV
04.12.2018ж. 20:00
3430
Астана процесі өз міндетін толық орындады

Астана процесі өз міндетін толық орындады. АҚШ Мемлекеттік Департаментінің сын-пікріне еліміздің Сыртқы істер министрлігі осылай деп жауап қатты. Ресми өкіл Айбек Смадияров, Астанада өткен келіссөздер әу баста Сирияда қарулы-қақтығысты тоқтатуды көздегенін айтады. Және бұған қол жеткіздік дейді. Елде соғыстан азат аумақтар құрылды. Мәселен, Шығыс Гута, солтүстік Хомса және Сирияның оңтүсітігінде атыс-шабыс тоқтап, бейбітшілік орнады дейді ол.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:  

Бастапқыда Астана процесінің міндеті әскери әрекеттердің тоқатуын қамтамасыз ету болды. Бұл жұмыс аяқталу кезеңінде. Сирия мәселесін реттеудің саяси аспектілері соның ішінде конституциялық комитет құру бойынша талқылау Женевада өтетін келіссөздер пререгативасы болып табылады

Еске салсақ, АҚШ Мемлекеттік департаменті Астана мен Сочи процестері нәтижесіз және оларды тоқтау қажет деп хабарлаған. Сирия жөніндегі арнайы өкіл Джеймс Джеффари 14-желтоқсанда Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесінде баяндама жасайды. Егер, осы аралықта Сирия проблемасына қатысты нақты шешімдер шықпаса, ол Сочи мен Астана келіссөздерін тоқтату қажеттігін айтады. Ал, Астана процесінің келесі 12-раунды ақпан айында өтеді деп жоспарланған.  

М. Дюсекина