Негізгі / Жаңалықтар / Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылына табиғи газ тартылды

Маңғыстау облысындағы Басқұдық ауылына табиғи газ тартылды

Маңғыстау облысының Басқұдық ауылына көгілдір отын тартылды. Тұрғындар мұны көптен күткен еді. Бұдан бөлек басқа бес ауданды газдандыру жұмысын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қолға алған. Мұның барлығы «Маңғыстау облысы ауылдық аймақтарының газ үлестіру желілерін жаңғырту, қалыпқа келтіру мен жаңа нысан құрылысы» инвестициялық бағдарламасы аясында жүргізілуде.  

Бесқұдық тұрғындары үшін «Ақ түйенің қарыны жарылған күн»! Соңғы рет бұқара көктемде әкімдікке арызданған болатын. Міне, алты ай өткенде көгілдір отынға да қол жетті. Табиғи газ тартылған үйлердің бірі-Тілеуовтардың шаңырағы. Бүгін бұл отбасы газға бауырсақ пісіріп, қонақ шақырып абыр-сабыр.  

Шәрбәт ТІЛЕУОВА, БАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Мынандай үлкен үйді жылытуға осы уақытқа дейін электр пайдаланған едік. Оған көп ақша төлейтін едік. Киініп жүретін едік үй ішінде. Енді бүгіннен бастап жылынайын деп тұрмыз. Міне бауырсақ пісіріп.

Ауылды газбен «ҚазТрансГазАймақ» қамтып отыр. Компанияның 2015-2020-шы жалдарға арналған «Маңғыстау облысында ауылды жерлерге газ желілерін тарту, құбырларын жаңғырту» атты инвестициялық бағдарламасы бар. Алпауыт компания бүгінде осы жобаның басым бөлігін орындап қойғандарын жеткізді.    

Ернұр ЫБЫРАЕВ, «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ МАҢҒЫСТАУ ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

2015-тен бастап біз 25 миллиартай инвестиция жобаға кіргіздік, әкімшілік бойынша. Әрбір райондарда әртүрлі жұмыстар өткізіп жатырмыз. 97 пайыз жоба бойынша істелді. Қазір көріп жатқан жұмыстардың бәрі әкімшілікпен бірге бірлесіп, проблемный участоктардың бәрін жауып жатырмыз.

Бүгін Басқұдықтағы 250 участок көгілдір отынға қарық болды. Осылайша, облыс халықының 99 пайызы табиғи газбен қамтылған.  

  Ералы ТОҒЖАНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

«ҚазТрансГаз» компаниясымен келісіп, 2019-шы жылға жоспарлағанына қарамастан біздің өтінішіміз бойынша биыл үлкен жобаны бастап кеттік. Қысқа уақыттың ішінде 248 миллионға көптеген шаруалар жасалды. Жалпы жобаның құны 530 млн. үстінде. Осы айдың 20-на дейін толйықтай газ берілу мәселесі шешіледі.

Осы инвестициялық жоба жаңа нысандарға да газ тарту үшін қажет инфрақұрылымды құруға мүмкіндік бермек. Айта кетері, жоба аясында 800 жаңа жұмыс орны ашылды. Болашақта оның 100-і сақталады деп жоспарланған. 

Ә. Мұхитқызы