Негізгі / Жаңалықтар / ШҚО-да 314 көшенің атауы ауысқан

ШҚО-да 314 көшенің атауы ауысқан

Шығыс Қазақстанда 314 көшенің атауы ауысқан. Бүгін Астанада өткен брифингте Облыс әкімі Даниал Ахметов осылай деді. «Көше атауларын ауыстырғанда бірінші кезекте халық пікірі ескеріледі»- дейді әкім. Қазір Шығыс Қазақстанда бір мыңнан астам көше бар. Оның 30 пайызы жаңа атауға ие болған.  

Даниал АХМЕТОВ, ШҚО ӘКІМІ: 

Мысалы, Өскеменде Карл Маркс даңғылы қазіргі кезде «Қаз дауысты Қазыбек» болды. Тамаша бір көше болатын «Орджоникидзе», қазір оның аты «Сағадат Нұрмағамбетовке» ауыстырылды. «Головкова» деген көшенің қазіргі аты «Бейбітшілік».  

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында гематология орталығы салынады. Ол Орта Азияда халықаралық стандарттарға сай салынатын алғашқы медициналық орталық болмақ. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Құрылыс 2019 жылы басталады.  

Даниал АХМЕТОВ, ШҚО ӘКІМІ: 

Келесі жылдан бастап біз гематология орталығының құрылысын бастаймыз. Бұндай орталық біздің елдегі ірі қалалар Астана мен Алматыда да жоқ. Тек шағын бөлімшелері ғана бар. Бірақ, олар әлемдік деңгейге жауап беретін орталық емес. Ал, Осы орталықтың арқасында біз медицина саласында ілгері қадам жасаймыз.  

Ә. Өмірзақ