Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

«Қошқар ата» күйінің тұсауы кесілді

AstanaTV
07.12.2018ж. 20:00
2909
«Қошқар ата» күйінің тұсауы кесілді

«Қошқар ата» күйінің тұсауы кесілді. Тіпті анимациялық клип те түсірілген. Күй авторы соңғы кезде әйгілі күйлер болмаса, қалғаны үлкен сахналардан көріне алмай жүргенін айтады. Сондықтан, клип шығаруды ұйғарған. Ал, шетелдіктерге таныту үшін шығармашылық топ жақында Италия мен Қытайға аттанбақ. Ұйымдастырушылар Президенттің соңғы шыққан мақаласына мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, дүйім жұрт та осылай үлесін қосу қажет деп санайды. Туынды Қошқар ата туралы қисса, аңыз әңгімелер желісінің негізінде шығарылған.

Ілияс НҰРҚОЗИЕВ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП ЖЕТЕКШІСІ: 

Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейінгі аралықта тыңдармандардың назарын аудару, оларға тыңдата білу үшін, болмаса, оларды қызықтыру үшін осындай мақсатта шығарылды.