Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. Астана процесі

AstanaTV
08.12.2018ж. 20:00
2900
Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. Астана процесі

Сейсенбіде Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен, Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық қауіпсіздікке сыртқы факторлардың әсері мен қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру талқыланған. «Қазақстанға әсер ететін сыртқы факторлар бар екенін бәріміз білеміз. Арасында Ресей мен АҚШ-ң санкциялық текетіресі, Қытай мен АҚШ-ң сауда соғысы, Сириядағы жағдай және басқалар бар», деген Президент Н.Назарбаев. 

Сириядағы жағдай демекші, еліміздің Сырты істер министрлігі Сириядағы жағдайды реттеу үшін ұйымдастырылған тағы бір алаң - Астана процесі өз міндетін толық орындап отыр, деп мәлімдеді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров, Астанада өткен келіссөздер әу баста Сирияда қарулы-қақтығысты тоқтатуды көздегенін айтады. Және бұған қол жеткіздік, дейді. Сириядасоғыстан азат аумақтар құрылды. Мәселен, Шығыс Гута, солтүстікХомс және Сирияның оңтүстігінде атыс-шабыс тоқтап, бейбітшілік орнады, дейді ол. 

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бастапқыда Астана процесінің міндеті әскери әрекеттердің тоқтатуын қамтамасыз ету болды. Бұл жұмыс аяқталу кезеңінде. Сирия мәселесін реттеудің саяси аспектілері соның ішінде конституциялық комитет құру бойынша талқылау Женевада өтетін келіссөздер пререгативасы болып табылады. 

Біздің елдің сыртқы саясат мекемесінің бұлай түсініктеме беруінің себебі бар. Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік департаменті мәлімдеме жасап, «Астанадағы соңғы келіссөзге қатысушылар Сирия конституциялық комитетіне кіретін мүшелер тізіміне келісе алмады, тиісінше, Сирия дағдарысын саяси жолмен реттеуде алға ілгерілеушілік жоқ», деген. АҚШ Астана ғана емес, Сочи процесін де нәтижесіз және оларды тоқтату қажет деп есептейді. Вашингтонның пайымынша, Ресей мен Иран Башар Асад билігінің саяси процеске қатысуға ниеті жоқтығын Астана процесі арқылы бүркемелеп отыр. Ал, Астана процесінің келесі 12-раунды ақпан айында өтеді деп жоспарланған.