$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Humana» балалар тағам қоспасынан сынап табылған жоқ-Ж.Бекшин

AstanaTV
11.12.2018ж. 20:00
2454
«Humana» балалар тағам қоспасынан сынап табылған жоқ-Ж.Бекшин

«Humana» балалар тағам қоспасынан сынап табылған жоқ. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин айтты. Сынау жұмыстары халықаралық сертификаты бар Шымкенттегі зертханада жүргізіліпті. Бұған дейін аталған балалар тағамының сол партиясын сату тоқтатылғаны хабарланған болатын. Өйткені, өткен аптада Шымкенттік екі айлық нәресте ата-анасы аталған тағам қоспасын жегеннен кейін бала ауруханаға түскенін айтқан. Олар балалар тағамынан сынапқа ұқсас зат шықты деп дабыл қаққан еді.  

Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

«Humana» балалар тағам қоспасының сол партиясын тексердік. Ол үшін уланған бала жеген тағамның қалдығын және оны сатып алды делінген дәріхана мен тауарды жеткізушіден сынамасын сұратып, сараптама жасадық. Ешбірінен сынап металы анықталған жоқ.