Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Арман болған ауыз су...

AstanaTV
22.10.2016ж. 20:00
2235
Арман болған ауыз су...

Жарайды, қолданған қызметке төлем жасалуы керек. Ал қызмет сапасы қандай. Тағы да сол су жайы. Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 6 670 елді мекеннің жартысында ғана орталықтандырылған сумен қамту жүйесі бар екенін айтады. 2 мың 300-дей ауылдың әрқайсысында тұрғындардың саны 500-ден аз, бұл деңгей орталықтандырылған су жүйесін орнатуүшін экономикалық жағынан тиімсіз болып есептеледі –  мемлекетте ақша да жоқ, салынған күнде тарифтерді ол жерлердегі халықтың да қалтасы көтермейді. Сондықтан көшелерде баяғы замандардағыдай колонка орнатуға кіріспек. Бишімбаевтың айтуынша, өңірлердегі су арналарын «Казводхоз» республикалық кәсіпорнына басқаруға беру тығырықтан шығудың бір жолы. Қазір бір жерде «Казводхоз», енді бір жерде жекеменшік компаниялар, ал үшінші бір аймақта коммуналдық кәсіпорындар қызмет көрсетеді.

Алайда олардың бәрін бір мекемеге жинау керек пе, әлде қалай бар, солай қалдыру керек пе, анализ жасалмаған. Себебі Премьер-министр «сөйткен жөн бе, таразылау керек», -деді. Нақты аргумент болса, сөйдей ме? Жалпы бізде қалай -  су құбырлары салынады, бірақ қосылмайды, сосын істен шығады. Ал оны кім жөндеуі керек, кім іске қосуы керек? Ешкім жауап бермейді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Бізде қалай, су құбырын саламыз, ал қолданысқа енбеген соң, істен шығады. Ешкім жөндемейді, ешкім қайтадан дұрыстамайды. Сосын адамдардың заңды ашуын туғызамыз. Ақша жұмсалды, ал су қайда?

Сонымен елді таза ауыз сумен қамтуы тиіс «әйгілі» «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2011-15 жылдары мемлекет 396,8 млрд теңге жұмсаған! Ал нәтижесіне келсек -  қалалардағы тұрғындардың орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылуы 5 пайызға, ал ауылдарда 9 пайызға ғана артқан.Тақырыпты талдай отырып, проблемалардың жақын уақытта шешілмейтінін байқайсыз – құбырлар тозған, шығын көп, екінші жағынан, тарифтер төмен емес, бірақ тұрғындардың табысы төмен. Бұған әлі күнге ауыз суға қолы жетпей отырған мекендерді қосыңыз. Тұйықталған шеңбер. Инерциямен айналып келе жатқан механизм.