Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мұғалім беделіне нұқсан келтіргендерге салынатын айыппұл мөлшері анықталсын-М.Бекетаев

AstanaTV
14.12.2018ж. 20:00
4395
Мұғалім беделіне нұқсан келтіргендерге салынатын айыппұл мөлшері анықталсын-М.Бекетаев

Мұғалім беделіне нұқсан келтіргендерге салынатын айыппұл мөлшерін «Педагог статусы» туралы заңда анық көрсету қажет. Ал, біліктілігіне сай ұстаз жалақысын көтеріп, оның мөлшері анық көрсетілуі тиіс. Ведомствоаралық комиссия отырысында Әділет министрі осындай ұсыныс айтты. Бұдан бөлек, заң әрбір ұстазға түсінікті әрі қарапайым тілде жазылуы қажет. Бүгін бұл құжаттың тұжырымдамасы бекітілді. Онда Білім және ғылым министрлігі мұғалім жүктемесін 16 сағатқа азайтып, зейнет жасын қысқартуды ұсынып отыр. Сала мамандарын қолжетімді баспанамен қамтып, ғылыми дәрежесі бар ұстазға үстемеақы төлеу де қарастырылған. Министрлік тұжырымдаманы дүйсенбіден бастап «WhatsApp» желісі арқылы 3000-нан аса педагогқа жібермек.  

Эльмира СУХАНБЕРДИЕВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Министр құжатты еліміздің әр педагогымен талқылауды ұсынды. Енді оларға тұжырымдаманы жібереміз. Барлық ұстаз заңмен танысып, өз ұсыныс-пікірлерін жолдай алады. Әзірге тек барлық комиссия мүшелерімен бірге заң тұжырымдамасын бекіттік.

А. Бектас