Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Президент мұнай өндірісі мен қайта өңдеу ауқымын көбейтуді тапсырды

AstanaTV
09.02.2017ж. 20:00
2759
Президент мұнай өндірісі мен қайта өңдеу ауқымын көбейтуді тапсырды

Мұнай өндірісі мен қайта өңдеу ауқымын көбейту керек. Энергетика министрін қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді. Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысына энергетика саласын дамытудың басты көрсеткіштері мен жобаларын одан әрі жаңғырту жоспарын баяндады. Президент газ өндірісі мен газдандыру жұмыстарын жүргізудің, Балқаш жылу электр стансасының құрылысын шешудің, сондай-ақ энергетика нысандарын жекешелендірудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында министрге бірқатар нақты тапсырма берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Биылғы жылы үлкен-үлкен жобалар бар. Біріншіден, Қашаған жұмыс істей бастады. Екіншіден, Теңізді кеңейту жөнінде шешім қабылданды. Қарашығанақтың да мәселесі шешілді бір жағынан. Сондықтан мұнайдың өндірісін көбейту қазірге байланысты, мұнайды өңдеуді қолға алу. Үш мұнай өңдейтін зауытымыз жұмысқа кіру керек. Содан кейін газ өңдеу мәселесі Атырауда, Батыс Қазақстанда бастап қойдық. Энергетика нысандарының жекешелендіруі бар. Так что очень большие серьезные вопросы.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Қашаған, Қарашығынақ, Теңіз сияқты ірі кен орындарының одан арғы дамыту мәселелерін талқыладық. Осы кен орындарының дамуы елдегі мұнай өндірісінің артуына оң әсерін тигізеді. Өйткені мұнай өндірісінің көлемі негізінен осы үш кен орындарының есебінен жүреді. Мұнай-газ саласындағы жұмысымызды осы үш алыптың төңірегінде жүргіземіз. Геологиялық барлау бағытында да жұмысты күшейтеміз. Алдағы жылы геологиялық барлау жүргізіп, жаңа кен орындарын табу мақсатында аукцион немесе тендерлерге 30-дан астам учаскені шығарамыз.