Жетімдерді жебей жүрейік. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының «Өркениет» филиалы балалар үйінің жеткіншектеріне арнап қиял-ғажайып экскурсиясын ұйымдастырды. «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында SOS Астана балалар қалашығының жетім балалары аталмыш ғажайып паркте ерекше көңіл-күйге бөленіп, жүздеріне күлкі ұялады. Ұйымдастырушылар мұндай игі шараны одан әрі жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Мәрия Өтебаева, "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалы "Өркениет" филиалының бірінші төрағасының орынбасары:
Парктің жұмысын, қызықты жерлерін көрсетіп, балаларға моральдік көмек көрсетіп, балалардың көңіл-күйін көтеріп. Бүгінгі іс-шараны осылай ұйымдастырып отырмыз.
Бұл балалар үйі 2013 жылдан
бастап партиялықтардың қамқорлығында.
«Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» жобасының жүзеге асып жатқанына 3 жылдың
жүзі болды. Аталмыш жобаның мақсаты - баларға тек шаттық сыйлау ғана емес,
сонымен бірге оларды асыраушы отбасы
тауып беру.