Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Дональд Трамп елде төтенше жағдай жариялауы мүмкін

AstanaTV
08.01.2019ж. 20:00
2462
Дональд Трамп елде төтенше жағдай жариялауы мүмкін

Конгресстен бір тиын да ала алмаған Дональд Трамп Мексика мен АҚШ арасына қабырға тұрғызу туралы ойынан қайтпақ емес. Ол оңтүстіктегі шекара қауісіздігі жөнінде енді телеарна арқылы халық алдында сөз сөйлемекші. Бұл жайында ол өзінің «Твиттер» парақшасында жариялапты. Трамптың пайымдауынша, Мексика мен арадағы шекараны бекітпей, елге төнген қауіп сейілмейді. Бұл шара оның сайлауалды бағдарламасының тұздығы болғандықтан, Президет Трамп бұл істі қайтсе де жүзеге асыруға бекінген сыңайлы. Естеріңіге салсақ, осы қабырға құрылысына қажетті 5 миллиард доллардың кесірінен бюджет бекітілмей, бірқатар министрліктер қаржыландырылмай, 800 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер ақысыз демалысқа аттанған еді. Конгресс палатасының денін құрайтын демократтар бұл мақсатқа тек 1,3 миллиард қана беруге дайынбыз депті. Алайда, оған көнбеген Трамп елде төтенше жағдай жариялап, қабырға салуға қажетті қаржыны Конгресттің рұқсатынсыз-ақ бөлгізуі мүмкін.    

Г. Тасболатқызы