Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде үйінде газ баллоны жарылған отбасы баспанасыз қалды

AstanaTV
08.01.2019ж. 20:00
2254
Ақтөбеде үйінде газ баллоны жарылған отбасы баспанасыз қалды

Ақтөбедегі жеке тұрғын үйде болған жарылысқа газ баллонындағы ақау себеп болуы мүмкін. Бұл туралы аймақтың төтенше жағдай мамандары айтты. Оқыс оқиға өткен сенбіде болған. Жойқын жарылыстан отағасы күйіп, үйдің жартысы қирап қалған. Бақыт Рахметова баспанасыз қалғандарға қандай көмек көрсетілетінін білді.   

Төтенше жағдай болған кезде үйде ерлі-зайыптылардан бөлек, ұлы мен келіні болған. Отағасы күйіп қалған. Қалғандары дін аман. «Балам газды жұмысына пайдаланатын»-дейді. Сол күні сырттан дәлізге әкеп қойған еді. Аз уақыттан соң баллон жарылып, шатыры ортасына түскен.   

Жәкіш ОМАРОВА, ЗАРДАП ШЕГУШІНІҢ АНАСЫ: 

Кішкентай бес литрлік газ баллон толтырып, үйге қойыпты ғой. Атылған ба? Өзінің беті күйді, келіншегінің қолы күйді. Келіні мен баласы сау. Үйі анадай болды. Кішкентай қызы пятыйда еді сол аман қалды.

Жарылыстан кейін ауыр жағдайда үй иесі ауруханаға жеткізілген. 52 жастағы азаматтың беті мен қолы күйген.   

Сәкен ҚАПАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: 

Ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдайы жақсы. Екі пайыз күйік шалынған. Бірінші, екінші сатысында жеңіл түрдегі күйік. Қазір жақсы, ем алып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары алдын ала болжам бойынша жарылыс газ баллонында ақау болуы мүмкін деді. Газ шығарған, артынша жарылған болуы мүмкін деп болжайды. Сондықтан, газ баллондарын қолданғанда абай болуды қатаң ескертеді.  

Ерік ЕРІМБЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: 

Газ баллондарын қызу пешке жақын орнатпау керек. Сонымен қатар, бөлмелерді тексеріп отыру керек. Газдың деңгейін бақылауда түтін шығу арналарын жұмысын мезгіл-мезгілмен тексеру керек.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

Жарылыстан қақаған қыста баспанасыз қалған Омаровтар отбасы қазір туыстарының үйін жағалап жүр. Олар жерлестерінен көмек сұрайды. Ал, қалалық әкімдік біржолғы 100 мың теңге көлеміндегі көмек бере алады. Ол үшін отбасы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне арыздануы тиіс.

Б. Рахметова