$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Дүниежүзілік банк: биыл мұнай 67 долларға дейін арзандайды

AstanaTV
09.01.2019ж. 20:00
2492
Дүниежүзілік банк: биыл мұнай 67 долларға дейін арзандайды

Мұнай бағасы өсті. Қара алтынның әлемдік нарықтағы құны бүгін 58,72 долларға жетті. Бұл брент маркалы шикізат саудасы. Дегенмен, биыл мұнай бағасы біртіндеп өскенімен, 67 долларға дейін құлдырауы мүмкін. Мұндай болжамды Дүниежүзілік банк өз есебінде жариялады. «ТАСС» агенттігінің хабарлауынша, маусым айымен салыстырғанда баға 2 долларға төмен. Сарапшылар мұнайдың бұл бағасы алдағы үш жылда өзгермейді деп топшылайды. Биыл қара алтынға сұраныс тұрақталады. Ал, мұнай тасымалының келешегі ОПЕК+ қабылдаған өндірістік шешімге байланысты болмақ. Әзірге бағаның тұрақсыздығына Венесуэладағы мұнай өндірісі мен Иранға салынған санкциялар әсер етіп отыр. Ал, АҚШ-тағы мұнай өндірісі тәулігіне 1 млн баррельге артады. Былтыр мұнайдың орташа бағасы 68 долларды құраған.  

А. Бектас