$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағандылық анестезиолог-стоматологтың ісі сотқа жетті

AstanaTV
11.01.2019ж. 20:00
3828
Қарағандылық анестезиолог-стоматологтың ісі сотқа жетті

Қарағандылық анестезиолог-стоматологтың ісі сотқа жетті. Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іске жауапты ретінде дәрігерге кәсіби міндетін дұрыс атқармады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы «Астана» телеарнасына Қарағанды облыстық полиция департаменті хабарлады.  

Жанатай СЕМБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Арзамасцевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бүгінгі таңда ҚР қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 300-ші бабына сәйкес прокуратураға тексеріске жіберіліп, 8-ші қаңтарда сотқа берілді. ҚР ҚК 317-ші бабы 3-ші бөліміне сейкес.

Қысмыстық бап бойынша анестезиолог 5 жылға бас бостандығынан айрылып, 3 жылға дейін медициналық қызметтен шеттетілуі мүмкін. Еске салсақ, былтыр ақпанда екі жастағы Ресей азаматы Семен Арзамасцев стоматологияда накоз берілгеннен кейін жағдайы нашарлап, қаза тапқан. Дәрігерлер 14 сағат бойы араша түскенімен, ажалдан аман алып қала алмады. Бұл стоматологияда бұған дейін де бала өлімі болған. Наркоз жасалған 12 жасар Жансая Омарованы да сол кезде күдікті дәрігер емдеген. Әлі күнге дейін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Жеткіншектің өліміне не себеп болғанын мамандардың анықтай алмай отырғанына үш жыл болды. Ал, бұл екі іс біріктірілмеген.  

Ә. Мұхитқызы