Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Шымкентте жергілікті полиция велосипедтерге мінді

AstanaTV
01.03.2016ж. 20:00
2327
Шымкентте жергілікті полиция велосипедтерге мінді

Шымкенттік полицейлер велосипедке мінді. Қоғамдық тәртіпті бақылаушылар қылмысты шайтанарбаның көмегімен азайтуға бекініп отыр.  Оған көпшілік көп жүретін үлкен саябақтар мен демалыс орындарынында қызмет ететін сақшылар мінетін болады. Ішкі істер департаменті қалалық әкімдіктің қолдауымен арнайы он велосипед сатып алған. Қазір қалада бес велопатрульдік бағыт құрылған. Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, бұл әзірге пилотты жоба. 

Ерлан  Ермекбаев,  Шымкент қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полкі командирінің орынбасары:  

Қылмыстарды көруге мүмкіншілік бар, бірақ уақытылы жетуге мүмкіншілік жоқ еді жаяу бағыттарға. Сол себепті саябақтарға автокөліктермен кіре алмайсың велобағыттарды ұйымдастырған себебіміз де сол.


Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ