Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылжарда Ішкі істер департаменті мен прокурорлар сауда нүктелері мен мектептердегі мерзімі өтіп кеткен тауарларды тәркілеуде

AstanaTV
01.03.2016ж. 20:00
1604
Қызылжарда Ішкі істер департаменті мен прокурорлар сауда нүктелері мен мектептердегі мерзімі өтіп кеткен тауарларды тәркілеуде

Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті мамандары мен прокурорлары, дүкендер мен мектептердегі тауарлардың қолдану мерзімін тексеруді қолға алды. Нәтижесінде, білім ошағынан шырынның 10 литрі және 15 дүкеннен 24 түрлі тауар тәркіленіп, сараптамаға жолданды.  Жақында Петропавлда мерзімі өткен азық-түлікті өткізіп отырған астыртын қойма анықталған болатын. Тексеру шараларын өткізген мамандар, тауарлар сол қоймадан алынды деп отыр. Өйткені, заңсыз жұмыс істеп келген қойма облыс аумағын қамтып отырған. Қойманың ішінде тіпті тауардың дайындалған уақытын өзгертетін цех та жұмыс істеп келген. Полицейлер нысанда табылған құжаттарға сүйене отырып, өңірдегі мекемелерде рейд жүргізе бастады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, сараптама қорытындысы шамамен бір айдан кейін дайын болады. Ал мерзімі өткен тауарлар жойылмақ. 

Ақылбек Әлжанов, СҚО ІІД  Тергеу басқармасының бөлім басшысы: 

Астыртын қойма, өз тауарларын қалада ғана емес, Есіл мен Мағжан Жұмабаев аудандарында да өткізгені анықталды. Заңсыздыққа жол берген қоймадан азық-түлікті сатып алған кәсіпкерлерді жазаға тарту туралы әзірге ештеңе айта алмаймыз. Себебі, кәсіпкердің де, тауармен қамтыған серіктестіктің құжаттары дұрыс. Алдымен сотқа дейінгі тергеу шараларын өткіземіз.

А.ҚҰРМАНКИН