Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Елімізде шұжық өнімдерін тексерген мамандар 143 түрінен шошқа ДНК-сын анықтады

AstanaTV
15.01.2019ж. 20:00
2711
Елімізде шұжық өнімдерін тексерген мамандар 143 түрінен шошқа ДНК-сын анықтады

Арам ас! Елімізде шұжық өнімдерін тексерген мамандар 143 түрінен шошқа ДНК-сын анықтады. Олардың құрамы тауардың қаптамасында көрсетілген қоспаларға мүлде сәйкес болмай шыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Сондай-ақ, ол азық-түлік қауіпсіздігі мониторингі ай сайын жүргізіліп отыратынын айтты. Нәтижесінде импорттық тауарлардың 66 пайызды талапқа сай келмеген. Ал, отандық өнідірушілер өнімінің 34% сапасыз. Осылайша былтыр 22 тонна қауіпті өнімнің көзі жойылып, компанияларға 70 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.   

Елжан БІРТАНОВ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: 

Негізінен тапсырысты дұрыс орындамау деректері макілеу ережесін бұзу бойынша - 69 пайыз, қауіпсіздік көрсеткішіне сәйкес келмейтіндер - 23,5 пайыз, сондай-ақ қаптамада көрсетілген сұраныс пен физика-химиялық көрсеткіштер - 7,2 пайыз. Мысалы, сүт өнімдерінің 99 сынамасынан майлылық көрсеткіші өтірік көрсетілген және 143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды. 

Ә. Өмірзақ