$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Самұрық-Қазына» сыртқы қарызын 3,2 млрд долларға азайтты

AstanaTV
21.01.2019ж. 20:00
2336
«Самұрық-Қазына» сыртқы қарызын 3,2 млрд долларға азайтты

«Самұрық-Қазына» қоры сыртқы қарызын 3,2 млрд долларға азайтты. Бұл туралы өткен жылды қорытындылаған жиында басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Қазір компания табысы 15,3 млрд долларды құрайды. Жекешелендіру арқылы 30-дан аса актив сатылып, 230 млрд теңге пайда түскен. Қор Ұлттық банк ноталарына инвестиция салып, кіріс көлемін 30%-ға арттырды.  

Ахметжан ЕСІМОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі қаржылық көрсеткіш өсті. Қордың негізгі қызметтен түсетін табысы 31%-ға артып, 8,3 триллион теңгені құрады.

Бұдан бөлек, былтырмен салыстырғанда Қордың таза табысы 40%-ға жеткен. «ҚазМұнайГаз» бен «Самұрық-Энерго» компаниясы «қауіпті қаржылық аймақтан» шықты. Қазір тәуекел аймағында «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы ғана қалды.  

А. Бектас