Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Елордада коммуналдық тарифтер қаншалықты арзандады?

AstanaTV
21.01.2019ж. 20:00
2364
Елордада коммуналдық тарифтер қаншалықты арзандады?

Астанада бірінші қаңтардан бастап арзандаған тарифтердің бағасы енді қанша тұрады? Бүгін мамандар арнайы брифинг өткізді. Олардың айтуынша, жеке тұлғалар үшін электр құны киловатт/сағатына 1 теңге 7 тиынға, ал заңды тұлғалар үшін 1 теңге 47 тиынға төмендеген. Сондай-ақ, жылумен жабдықтау жеке тұлғалар үшін гигакалориясына 230 теңгеге арзандаған. Ал, заңды тұлғалар үшін оның бағасы өзгеріссіз қалып отыр. Сумен жабдықтау 4 теңге 13 тиынға, су тарту 3 теңге 41 тиынға төмендеген. Ал, қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша тариф жеке тұлғалар үшін алты жылдан кейін 6 теңгеге төмендеп отыр.  

Болат ТАНАБЕРГЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ ТМРБҚ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:  

Сарқынды суларды бұру және тазарту қызметі желтоқсан айында 34,89 теңгені құраса, бірінші қаңтардан бастап 31,40 теңгені құрайды. Бұл тарифтердің төмендегенін келесі ақпан айында түбіртектерден көретін боламыз.    

Ә. Өмірзақ