Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Астанада жалған еңбекке жарамсыздық парағымен «күресудің» әдісі табылды

AstanaTV
22.01.2019ж. 20:00
2168
Астанада жалған еңбекке жарамсыздық парағымен «күресудің» әдісі табылды

Астанада жалған еңбекке жарамсыздық парағымен «күресудің» әдісі табылды. Енді ауруханада берілетін анықтамаға арнайы QR-коды белгіленетін болады. Сол арқылы жұмыс беруші «Smart Astana» мобильді қосымшасымен еңбекке жарамсыздық парағын қашан және кім бергенін анықтай алады.  

Камалжан Надыров, АСТАНА ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Жұмыс берушілер еңбекке жарамсыздық туралы медициналық анықтамалардың интернетте еркін сатылатынын айтып, шағымданған еді. Бұл мәселені құқық қорғау органдары мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде де көтергенбіз. Енді «Астана-адалдық алаңы» жобасымен «Смарт Астана» мобильді қосымшасында медициналық ұйымдар берген анықтаманың шынайылығын тексеретін ақпараттық қызмет жасауды жоспарлап отырмыз.

Ә. Өмірзақ