Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Е. Парафиеваның ісі бойынша коммуналдық қызмет өкілдері сұралды

AstanaTV
07.11.2017ж. 20:00
2237
Е. Парафиеваның ісі бойынша коммуналдық қызмет өкілдері сұралды

Бүгін Алматыда Екатерина Парафиеваның ісі бойынша сот отырысы жалғасты. Сот тергеуі барысында бүгін Алматы қалалық коммуналдық қызметінің басшылары мен оннан астам куәгерден жауап алынды. Куәгерлер 16 маусым күні люктің ашық қалғанын, көлік апаты соның кесірінен болғанын растады. Сотта оқиға болған жерден табылған темір қақпақ қоқыс полигонына шығарып тасталғаны, заттай айғақ ретінде тіркеліп, сараптама жасалмағаны анықталды. Апаттан соң «Алматы Тазалық» кәсіпорнына өз жұмыскерлері арасында қызметтік тексеріс жүргізіп, арықтың бетін жабатын тор қақпақтың неліктен бүлінгенін анықтамаған. Екатерина Парафиеваның адвокаты бұл дерек бойынша құзырлы органдарға арыз жазып, қылмыстық іс ретінде тіркеуді сұрады.

Ғани Мырзаханов, «Алматы тазалық» МКК басшысы:

Жарамайтын заттың бәрін біз қоқыс полигонына жібереміз. Ал мына бүлінген люк бойынша мен қызметкерлерден сұрап білдім. Ол бірінші күні біздің мекемеге жеткізілген. Тек келесі күні ол полигонға шығарылып тасталған. Ал бізге ешкімнен оны экспертизаға аламыз деп запрос келген жоқ. Әйтпесе алып қалуға болар еді. Ол сынған жағдайда жарамайды.

Айта кетейік, қоғамда дүрбелең тудырған жол-көлік оқиғасы маусым айында әл-Фараби даңғылының бойында болған еді. Екатерина Парафиеваның көлігінің дөңгелектері қақпағы ашық жатқан люкке түсіп кеткен соң, тоқтауға мәжбүр болған. Жүк салғыштан апаттық белгіні алмақ болғанда оны қатты жылдамдықпен Тойота камри көлігі соққанын айтады. Бірнеше ай бойы жүргізілген тергеу қортындысы бойынша, жол апатына автобус жүргізушісі кінәлі деп танылыпты. Жәбірленуші кінәлілерден материалдық-моральдық шығын ретінде 20 млн теңге талап етіп отыр. 

Ришат Асқарбекұлы