Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Дональд Трамп телефон арқылы Хуан Гуаидоны президенттік қызметінің басталуымен құттықтады

AstanaTV
31.01.2019ж. 20:00
2436
Дональд Трамп телефон арқылы Хуан Гуаидоны президенттік қызметінің басталуымен құттықтады

Дональд Трамп телефон арқылы Хуан Гуаидоны президенттік қызметінің басталуымен құттықтады. Билікті қолына алу үшін оппозиция жетекшісіне өзін-өзі мемлекет басшысы ретінде жариялауы да жеткілікті болып шықты. АҚШ Президентіне алғыс білдірген Гуаидо Венесуэла оппозициясы ұйымдастырған наразылық шаралардың маңыздылығын атап өтті. Ақ Үйдің хабарлауынша, Трамп пен Гуаидо үнемі байланыста болуға келіскен. Ал, Хуан Гуаидо өзінің «Твиттердегі» парақшасында демократияға қол жеткізу жолында жан-жақты қолдау білдіріп отырған Трамптың қоңырауын жоғары бағалайтыны туралы жазды.  

Хуан ГУАИДО, ВЕНЕСУЭЛА ОППОЗИЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

АҚШ Президенті Дональд Трамппен жақсы сөйлестік. Ең бастысы - халықаралық коалиция Венесуэланың егемен ел ретіндегі процестерін қолдап отыр. Бұл біздің қолымыздан келді. Нәтижесін көріп отырмыз. Мұны ел азаматтары да қуаттайды.

Ал, бұл уақытта елдің заңды Президенті Николас Мадуро «Ғажайып Венесуэла» бағдарламасын жариялады. Онда республикадағы 62 қаланы абаттандыру туралы айтылған. Ол үшін 1 млрд еуро бөлу көзделіп отыр. Осылайша, ол Латын Америкасында ең әдемі әрі заманауи қалалар салмақ. Жаңа бағдарлама экономикалық қиындықтар мен саяси дағдарыс кезінде бастау алғалы тұр. Бір аптадан бері елде қарсылық шаралары өтіп жатыр. Ашуға булыққан жұрт реформалар мен өзгерістер талап етуде.  

Д. Қайыртай