Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мемлекеттік қызметкерлер артық жұмыс істеуді 63 пайызға қысқартты

AstanaTV
31.01.2019ж. 20:00
3350
Мемлекеттік қызметкерлер артық жұмыс істеуді 63 пайызға қысқартты

Мемлекеттік қызметкерлер артық жұмыс істеуді азайтты. Жүктеме қыркүйектен бері 63 пайызға қысқарған. Оған автоматтандырылған уақытты қадағалау жүйесі себеп. Мұны жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро өкілдері брифингте мәлімдеді. Президенттің Жолдаудағы тапсырмасынан кейін бірқатар министрлік жұмысшыларын ерте босататын болған. Ол инвестиция, энергетика, қаржы, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым министрліктері. Ұлттық бюро мамандарының айтуынша, енді мемлекеттік қызметкерлердің тегін спорт залдарға баруға уақыттары бар.  

Мадина НАУРЫЗБЕК, ҚР МҚІСЖҚК АГЕНТТІГІ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 

Әр аймақтарда спортпен айналысу үшін арнайы уақыт берілді. Қазір 20 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлер тегін спорт залдарына барады. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілер еңбек заңнамасына және жұмыс кестесіне сәйкес алдын-ала жазбаша келісімі бойынша үстеме жұмысқа тартылады. Үстеме жұмыс үшін өтемақы төленеді немесе демалыс уақыты, күндері беріледі

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке тұру талаптары да өзгерді. Ертеңнен бастап ақ жағалыларға арналған тестілеу және жеке мағлұмат «Е-қызмет» жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұдан былай әр органның жеке кадрлық іс жүргізу бөлімі болмауы мүмкін. Шетелде бір маман 500-ден 2000 мың адамға дейін қызмет көрсетсе, бізде бір маманға 30 қызметкерден келеді. Сондықтан агенттік персоналдарды басқарудың автоматтандырылған бірыңғай қызметін құрмақ. Мұны үш министрлік пен 3 әкімдік пилоттық жоба ретінде енгізген. Енді жалақы есебін жүргізетіндер де орталықтандырылуы мүмкін. Сондықтан бірқатар маман қысқаруы ғажап емес.  

У. Қабылтай