$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжардың белсенді азаматтары «Жастар жылын» пайдаланып, бизнес жобаларын іске асыруды көздеп отыр

AstanaTV
31.01.2019ж. 20:00
2605
Қызылжардың белсенді азаматтары «Жастар жылын» пайдаланып, бизнес жобаларын іске асыруды көздеп отыр

Қызылжардың белсенді азаматтары «Жастар жылын» пайдаланып, бизнес жобаларын іске асыруды көздеп отыр. Себебі, Елбасының тапсырмасына сәйкес биыл жас кәсіпкерлерге бөлінетін грант саны екі есе ұлғаймақ. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілі Салимхан Сәбитов те бұл мүмкіндіктен шет қалмақ емес. Ол ақпан айында мүгедектерге арналған автомектеп ашуды жоспарлап отыр. Жас кәсіпкер былтыр Қазақстан Халқы Ассамблеясының байқауына қатысып, алты миллион теңге көлемінде мемлекеттік сыйақы ұтып алған. Бұл қаражатқа ол екі су жаңа көлік сатып алып, кембағал жандарды жүргізуші болуға баулымақ. Әзірге көлік тізгінін ұстауға 13 мүгедек ниет білдірген. Салимхан Сәбитов мүмкіндігі шектеулі жүргізушілер көбейсе, жеке такси паркін ашуды көздеп отыр.  

Салимхан СӘБИТОВ, «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ СҚО ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Бұл таксопарктің ерекшелігі - сол мүгедек адамдардың өздері жұмыс істейтін болады. Олар «Империал» таксопаркінде тәжірибе жинап, қаламен танысып, өз күшіне сенген соң, осындай таксопарк ашу ойы бар. Елбасының айтқан сөзін пайдалана отырып, мысалы, бөлінген қаражаттарға тек мүгедектер емес, еліміздің жастары өз пікірлерін қорғап, жобаларын ұсынып, осы жылы көп нәрсеге, үлкен нәтижеге жетуге болады.

А. Құрманкин