$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Есірткіні жарнамалаған 5 мыңға жуық сайт бұғатталды

AstanaTV
31.01.2019ж. 20:00
2944
Есірткіні жарнамалаған 5 мыңға жуық сайт бұғатталды

Қазақстандықтар 14 жастан есірткі тұтына бастайды. Бүгін полицейлер мен қоғам белсенділері Астанадағы мектептердің бірінде еліткіш заттардың қауіп-қатері жөнінде жиын өткізді. «Еркін адамдар» қорының директоры Ольга Агапованың сөзінше, қазір синтетикалық есірткі түрлерін сатып алу қиын емес. Ғаламторда әр минут сайын осындай заттарды таратумен айналысатын 3 мыңға жуық сайт ашылып отыратын көрінеді. Сондай-ақ, мектеп оқушылары күшті препараттарды дәріханалардан да еш кедергісіз сатып ала алады.  

Берікхан НҰРҒАЛИЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:  

ҚР Әкімшілік Кодексінің 426 бабы бойынша безрецептурный пропуск бойынша, былтыр өткізген допинг шарасы бойынша 101 дерек анықталған. 101 дерек бойынша осынша аптеканың иесі жауапқа тартылды.

Ал, Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері есірткі дайындаумен айналысатын жасырын зертхананы тапты. Заңсыз айналымнан 5 кг-нан астам синтетикалық есірткі заты мен 500 кг химиялық қоспа тәркіленген. Комитеттің зерттеулері синтетикалық есірткінің, әсіресе, жастар арасында кең таралып бара жатқанын көрсетіп отыр. Есірткі Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен Еуроодақ, Ресей, АҚШ, Мексика және Қытай елдерінен әкелінеді.  

Д. Қайыртай