Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Былтыр елде 217 адам жұмыс орнында қаза тапқан

AstanaTV
01.02.2019ж. 20:00
2740
Былтыр елде 217 адам жұмыс орнында қаза тапқан

Былтыр елде 217 адам жұмыс орнында қаза тапқан. Бұл еңбек қауіпсіздігі мәселесінің әлі де өткір тұрғанын көрсетеді. Өткен жылды қорытындылаған Кәсіподақтар федерациясының төрағасы осылай деді. Дегенмен, былтыр жұмысшылар өлімі 2017 жылмен салыстырғанда 12 пайызға азайған. Ал, кісі қазасы негізінен Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Түркістан облысында жоғары көрінеді. Кәсіподақтар федерациясының төрағасы жұмыс берушілерге қойылатын жауапкершілікті күшейту қажет деп отыр.   

Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Біз осы мәселеге кәсіподақтар ғана емес, мемлеекттік органдарды, құқық қорғау органдарын, Бас прокуратураны осы мәселеге ерекше көңіл бөлуге шақырамыз. Себебі, жұмысшының өмірі - ең үлкен құндылық.

Ал, еңбек дауына қатысты 2 мыңнан астам іс қаралған. Оның жартысы татуластыру орталығының арқасында шешіліпті. Көбі еңбек шартынсыз жұмыс істеп, сан соғып қалғандар. Ал, ұжымдық даудың екі дерегі тіркелді. Ол – «Абу Даби плаза» кешені мен Ақтау жұмысшыларының бас көтеруі. Істі сотқа жеткізбей бітімге келтіру үшін былтырдан бастап татуластыру орталықтары ашылды. Ондағы медиаторлар кез келген адамға еңбек дауына қатысты тегін кеңес береді. 

Г. Меңдеева