Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сириядағы жағдайды реттеуге арналған кезекті саммит Сочиде өтетін болды

AstanaTV
01.02.2019ж. 20:00
2147
Сириядағы жағдайды реттеуге арналған кезекті саммит Сочиде өтетін болды

Сириядағы жағдайды реттеуге арналған кезекті саммит Сочиде өтетін болды. Ақпанның 14-де Ресей, Түркия және Иран президенттері шиеленіс ауқымы азайып келе жатқан Идлиб қаласындағы ахуал мен Сириядан Америка әскерінің шығарылуын талқылайды. Бұл туралы «Хюрриет» газетіне сұхбат берген Түркияның Сыртқы істер министрі хабарлады. Осыған дейін үшжақты кездесу былтыр Тегеранда өткен еді. Айта кетейік, кепілгер мемлекеттер Астана алаңында 11 рет бас қосты. Қақтығысқа қатысы бар тараптардың бәрі әзірге осы бір алаңда ғана жиналады. Сирияда соғыс басталғалы 7 жыл өтті. БҰҰ дерегіне сенсек, осы уақыт ішінде 400 мыңға жуық адам қаза тапқан. Ал, миллиондаған жұрт көрші елдерге босып кетті.  

Д. Қайыртай