$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Астана банкі» салымшыларының 85% қаржысы қайтарып алды - ҚДКҚ

AstanaTV
04.02.2019ж. 20:00
2806
«Астана банкі» салымшыларының 85% қаржысы қайтарып алды - ҚДКҚ

Таратылған «Астана Банкінің» 85 пайыз салымшысы 9 күн ішінде қаражаттарын қайтарып алды. Ол 32 млрд теңге. Бұл туралы біздің арнаға «Қазақстандағы депозиттерге кепілдік қорының» төрағасы Нұрлан Әбдірахманов айтты.  

Нұрлан ӘБДІРАХМАНОВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ» АҚ ТӨРАҒАСЫ: 

Бұл жерде назар аударатын жайт, қаржы ұйымы салымшыларының 75%-ның жиған ақшасы 5 мың теңгеге де жетпейді. Сол себепті, аз ақша үшін ол азаматтар асықпайтын шығар деген оймен өтініш беру уақытын 6 айға дейін созылды. Қазір жалпы сомманың 31,9 миллиард теңгесі қайтарылды. Енді «Астана» банкі салымшыларына агент банк 5,5 миллиард теңге ақшаны өтейтін болады.

Алдыңғы орында Алматылықтар тұр. 11 мың 510 адам өздеріне тиесілі 12 миллиард теңгесін алса, астаналық 7 мың 55 азаматқа 7,5 миллиард теңге салымы қайтарылып отыр. Ал, үшінші орында Шымкент қаласы. Ондағы 1 мың 763 салымшыға 1,6 миллиард теңге жиғаны берілген. Қалған 10 мыңнан аса халық өзге қалалардан өтініш білдірген. 

О. Нұржақып