Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мәжіліс депутаттары өңірлерде жүр

AstanaTV
04.02.2019ж. 20:00
2634
Мәжіліс депутаттары өңірлерде жүр

Павлодар өңіріне келген мәжіліс депутаттары Тереңкөл ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысанда болып, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Олар алдымен жуырда ғана жаңғырту шараларын аяқтаған су тазартатын «Бастау» кәсіпорнында болды. Мұнда соңғы рет жөндеу жұмыстары 1976 жылы жүргізіліпті. Кәсіпорын басшысының айтуынша, қондырғылардың ескіруі суды тиісті мөлшерде тазарту ісіне кедергі келтірген. Сондықтан жазда тұрғындарға ауыз су белгіленген кесте бойынша беріліп келді. Сондай-ақ, сапар барысында жергілікті бюджет мәселесі кеңінен талқыланды.  

Сергей СИМОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Бюджеттің кіріс бөлігі өте төмен. Сондықтан қоғамның өзі заңды тұрғыда бюджеттің осы бір төртінші бөлігінің деңгейін көтерудің жолдарын қарастыру қажет деп ойлаймын.

Ал, Маңғыстау өңіріне барған бір топ мәжілісмендер Елбасының Жолдауын, «Нұр Отан» партиясы жобаларының орындалуын бақылап қайтты. Олар Форт-Шевченко қаласындағы халықпен кездесті. Депутаттарды шалғай ауылдардағы мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі қызықтырды. Сондай-ақ, оқу орындарының құрылысын, жастардың қаншылықты жұмысқа тартылғанын сұрады. 

Бақытбек СМАҒҰЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Мәселелердің барлығын, сұрақтардың барлығын мемлекеттік деңгейде өз мәселемізде біз көтереміз деп ойлаймыз. 

Т. Оспанбаева