Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сауд Арабиясы америкалық қару-жарақтарды Йемен экстремистеріне жеткізіп отыр

AstanaTV
05.02.2019ж. 20:00
2326
Сауд Арабиясы америкалық қару-жарақтарды Йемен экстремистеріне жеткізіп отыр

Сауд Арабиясы америкалық қару-жарақтарды Йемен экстремистеріне жеткізіп отыр. Бұл туралы СNN хабарлады. Телеарна келтірген деректерге сүйенсек, ресми Эр-Рияд АҚШ қаруын «Аль Каида» ұйымының жасақтарына жіберген. Сауд Арабиясына Біріккен Араб Әмірліктері де қосылған. Екі ел де Йемен саясатына әсер ету үшін аймақтағы экстремистер мен бүлікші топтардың қолдауына ие болғысы келеді. Алайда, бұл Америка қару-жарақтары мен техникаларының сатылуы Йемендегі әскери операцияны жүзеге асыратын коалиция мүшелерінің келісімдерін бұзып отыр. Мәселені қозғаған телекомпанияның журналистік зерттеуі Пентагонға жіберілген. АҚШ әскери ведомствасы бұл мәселе бойынша ішкі тергеу басталғанын мәлімдеген. Өткен жылдың желтоқсан айында Австралияның да Йемендегі соғысқа қарсы арабтарға астыртын қару-жарақ жеткізгені анықталды. Кейін анықталғандай, ол ел Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясына қару-жарақ жеткізу үшін ондаған рұқсат қағазын берген.