$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Экс-әкім Ахмедбек Ахметжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмады

AstanaTV
05.02.2019ж. 20:00
2643
Экс-әкім Ахмедбек Ахметжанов мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алмады

Қостанай қаласының экс-әкімі Ахмедбек Ахметжановтың мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу туралы талап-арызы тағы қанағаттандырылмады. Ашуға булыққан Ахметжанов судьяның түсіндірмесін тыңдамастан залдан шығып кетті.  

Если скажите сидеть я буду сидеть и недергаться. Че же вы так делаете? Ладно можете осуждать... 

Еске салайық, Қостанайдың экс-әкімі Ахмедбек Ахметжанов 2016 жылы жемқорлық ісі бойынша 13 жылға сотталып, дүние-мүлкі тәркіленген еді. Кейін оның адвокаттары Жоғарғы сотқа шағымданып, жаза мерзімі 4 жыл 10 айға қысқарды. Жазасын өтеуші өткен жылы Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінен Қостанайға қауіпсіздігі төмен колонияға ауыстырылған болатын. Ахметжанов мерзімнен бұрын шартты бостандыққа шығу және жазаның орнына айыппұл төлеу туралы өтініш білдірген. Сот оның талап -арызын екінші рет қанағаттандырмай қойды. Ол жазасын қоныс колониясында өтеп жатыр. Судья: «Оның бостандыққа шығуына негіз жоқ»,- деді.   

Арман ҚАБЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ № 2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:  

Ахмедбек Масақбайұлы Ахметжановтың мерзімнен бұрын шартты түрде бостандыққа шығу туралы өтініші қараусыз қалдырылды. Бұл қаулыға қатысты 15 күннің ішінде нарзылық білдіріп, облыстық сотқа жеке шағым түсіруіне болады.