Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметке «Кіршіксіз бедел» ұғымын енгізуді ұсынды

AstanaTV
07.02.2019ж. 20:00
2272
Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметке «Кіршіксіз бедел» ұғымын енгізуді ұсынды

Жемқорлыққа қарсы бас күрескер Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметке «Кіршіксіз бедел» ұғымын енгізуді ұсынды. Пікірінше, мемлекеттік қызметші парадан ада ғана емес, адамдарға адамша қатынас жасайтын тұлға болуы тиіс. Ол: «Халыққа өз отбасымыздағыдай қатынас жасай білсек, абыройымыз екі есе артар еді»,- дейді. Кері байланыс пен ашық диалог та әрдайым назарда болуы тиіс. Шенеуніктердің репутациясын көтеру жолдары туралы идеялар Агенттіктің өткен жылды қорытындылаған жиынында айтылды.  

Алик ШПЕКБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Біз комммуникациялық стратегиямызды қайта құруымыз керек. Ол өзгеріс мемлекеттік орган қызметкерлерінің сәтті жұмысының негізі өлшемі болады. Бюрократизм мен беталды протекционизм тудыратын шенге құмарлықтың орнын өз абырой-беделімен жұртқа ұнамды бола алатын мамандардың уақыты келеді әлі.

А. Сейфулла