Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Павлодар облысының шенділері 20 млн теңгеге баспана сатып алды

AstanaTV
07.02.2019ж. 20:00
1934
Павлодар облысының шенділері 20 млн теңгеге баспана сатып алды

Павлодар облысының Көктөбе ауылының әкімі үшін 20 миллион теңгеге сатып алынған үй нарықтық бағамен алынған. Май ауданы әкімдігінің мамандары осылай деп отыр. Ол 4 мыңдай тұрғыны бар ауыл. Әкімге баспана 2017 жылы сатып алыныпты. Қомақты қаражат аудандық мәслихат депутаттарының шешімімен жергілікті бюджеттен бөлінген. Ал, бұрынғы әкім қызметтен кеткендіктен, қазір үй бос тұрған көрінеді.  

Асқар ШАҚАРҒАЛИЕВ, МАЙ АУДАНДЫҚ ТКШБ БАСШЫСЫ: 

Дөкей особняк қой. Шаруашылық құрылысты. Дөкей анау көрсеңіз ғой коттедж сияқты. Ішінде бәрі бар. Саунасына дейін бар. 210 кв метр. 114 кв метрі жилая площадь. Сосын 65,4 кв м. Сол екі комнатасы бар жилой. Жаңа үй ол 2016 жылғы. Бәрі біледі, көрген. Ол дороже даже стоит.

Ә. Мұхитқызы