Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Шымкентте ең ірі сауда орталығына келген келіншек босанып қалды

AstanaTV
11.02.2019ж. 20:00
1901
Шымкентте ең ірі сауда орталығына келген келіншек босанып қалды

Шымкентте аяғы ауыр келіншек сауда орталығында босанып қалды. Тосын жағдай кеше таңертеңгі уақытта болды. Ай-күні жақындап қалған 22 жастағы келіншек сауда орталығына бой сергітіп жүріп жолай кірген көрінеді. Нысан әкімшілігінің дерегінше, ол дәріханаға соққан. Алайда, өзін жайсыз сезініп, әжетханаға барады. Аман-есен аяқ-қолын баурына алған жас анаға алғашқы көмекті сол жердегі медицина мамандары көрсетіпті. Ойын-сауық орталығындағылар бұл жаңалықты жақсы ырымға балап отыр. Тіпті, перзентханаға барып, ана мен баланың жағдайын да біліп қайтыпты.  

Әділет ТҰРЫМОВ, МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Ондай қуанышты оқиға күнделікті болып жүрген жоқ. Сол себептен біз ТРЦ әкімшілігінен үлкен бір сыйлық жасайын деп едік. Кішкентай перзентке не керек біріншіден ол памперс керек, сол себептен бірінші жылға бір жылдық памперс запас дейді ғой соны алып беріп, одан басқа естелік ретінде бір коляска сыйлық тартайын деп едік.

А. Төребекқызы