$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Үкімет көп балалы отбасылардың ұсыныс-тілектерін қарайтын болады

AstanaTV
14.02.2019ж. 20:00
2714
Үкімет көп балалы отбасылардың ұсыныс-тілектерін қарайтын болады

Елдің барлық өңірінде көп балалы отбасылардың жағдайын анықтау үшін оперативтік штабтар құрылды. Үкімет әкімдіктерге түскен халықтың ұсыныс-тілектерін де қарастыратын болады. Бүгінде 1500-ге жуық үшбу хат түскен. Бұл туралы Үкімет мүшелерінен құрылған жұмыс тобының отырысында айтылды. Жиынға төрағалық еткен вице-премьер Ерболат Досаев 4 бағыт бойынша жұмыс істейтіндерін айтты. Ол - қағазбастылықты жойып, атаулы әлеуметтік көмекті қолжетімді ету. Көп балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу механизмін жетілдіру. Мұндай отбасындағы балаларды мектепте тегін тамақпен, қоғамдық көлік билетімен қамту да қаралатын болады. Сондай-ақ, аса мұқтаждарға арендалық үй беру мәселесі шешілмек. Жұмыс тобының келесі отырысы 21 ақпанда өткізіледі. 

Г. Меңдеева