$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Тағы бірнеше мемлекет «Астана процесіне» бақылаушы болуы мүмкін

AstanaTV
15.02.2019ж. 18:09
2192
Тағы бірнеше мемлекет «Астана процесіне» бақылаушы болуы мүмкін

Тағы бірнеше мемлекет «Астана процесіне» бақылаушы болуға ниетті. Ал, соғысты тоқтатуға кепілдік беруші елдер ынтымақтастықты нығайта түспек. Бұл туралы Сочиде Түркия, Иран басшыларымен Сирия жағдайын талқылаған жиында Ресей Президенті мәлімдеді. «Рейтерс»-тің хабарлауынша, бұл үш ел басшысының 4-ші кездесуі. Мақсат ортақ - Таяу Шығыс еліндегі қарулы қақтығысты тоқтату. Саммит қатысушылары АҚШ-тың Сириядан шыққанын қалайды. Әрі елді террористерден азат ету мүмкіндіктерін қарастырды. Ал, Режеп Тайып Ердоған Сирия -Түркия шекарасында лаңкестік дәліз пайда болады деп қауіптенеді. Сондықтан, серіктестерін бұған жол бермеуге шақырды. Тараптар сәуір айында Түркияда тағы кездеседі.  

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Ресей, Иран және Түркияның айтарлықтай қолдауының арқасында Сирияны бейбіт келіссөзге беттеуге жағдай жасалды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254-қарарына сәйкес Сирия Араб Республикасында саяси-дипломатиялық әдістермен ғана тұрақтылыққа қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.

А. Бектас