$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«7-20-25» бағдарламасының қатысушыларына «Нұрлы жер» жобасының үйлері қолжетімді бола бастады

AstanaTV
18.02.2019ж. 20:00
2662
«7-20-25» бағдарламасының қатысушыларына «Нұрлы жер» жобасының үйлері қолжетімді бола бастады

«7-20-25» бағдарламасының қатысушыларына «Нұрлы жер» жобасының үйлері қолжетімді бола бастады. «Баспана» ипотекалық ұйымы бұл өзгеріс қаңтарда күшіне енгенін хабарлады. Бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйді әкімдікте үй кезегінде тұрғандар мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде есеп ашқандар ала алатын. Оның бағасы нарықтан төмен. Астана және Алматы қаласында шаршы метрдің бағасы 180 мың теңгені құраса, Атырау және Ақтау қаласында 140 мың теңге. Мәселен, Астанадағы ауданы 60 шаршы метр екі бөлмелі пәтерді 10,8 млн. теңгеге сатып алуға болады. Және ең көп несиелеу мерзімі бойынша оған ай сайын 61 мың теңге салып отыру жеткілікті. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша шамамен 20 мың пәтер пайдалануға беріледі. Ең көбі Алматы қаласында. Онда 3 мыңнан астам пәтер сатылады. Ал, Шымкентте 2 мыңға жуық пәтер. Астана мен Қостанайда бір жарым мыңнан астам пәтер сатылмақ.   

Ә. Өмірзақ