Ұлттық Қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдарда ақпараттық қауіпсіздікті күшейту үшін компьютерлік жүйе енгізбек. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дмитрий Голобурда мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, қазіргі уақытта «қауіпсіз» компьютер еліміздің қорғаныс зауыттарының бірінде жасалып жатыр. Ал, бүгінгі күні ақпаратты қорғауға бағытталған DLP санатындағы жүйелер нарықта бар. Дегенмен, оны жетілдіру мен дамыту да көзделіп отыр. Кибер шабуылға төтеп беру үшін 13 жоба қолға алынбақ. Оларды жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдарға 2,7 млрд теңге қарастырылған. Қауіпсіз жүйе мемлекеттік органдарға енгізілмек.
Дмитрий ГОЛОБУРДА, ҚР ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қазір қорғаныс зауыттарының бірінде «қауіпсіз» компьютерлерді жасап шығару жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, қорғалған байланыс желісін, яғни, ақпаратты қауіпсіз жеткізу жүйесін жетілдіру қолға алынып жатыр. DLP санатындағы жүйелер қазір жұмыс істеп жатыр. Осы аталған жүйелермен Қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдарды қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Н. Біләл