Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шығыс Қазақстан облысында пошта тонаған күдікті қолға түсті

AstanaTV
19.02.2019ж. 20:00
2990
Шығыс Қазақстан облысында пошта тонаған күдікті қолға түсті

Шығыс Қазақстан облысында пошта тонаған күдікті қолға түсті. Жергілікті Полиция Департаменті осылай деп хабарлайды. Сақшылар банкоматқа қызмет көрсетуші 22 жастағы жігіт ұрлықтың артын жабу үшін ғимаратқа қасақана өрт қойғанын айтты. Еске салсақ, 13 ақпанда Үржар қаласындағы «Қазпошта» бөлімшесінен өрт шыққан. Тергеушілер ғимараттағы жабдықтар түгел жанып кеткенін анықтады. Іште банкомат та болған. Оның сырты бүлінген. Ал, іші бос болып шықты. Бір күн бұрын қондырғыға 13 млн теңге салынған көрінеді. «Ұрлыққа маңайда және ғимартта видеобақылау камерасының жоғы түрткі болуы мүмкін»,- дейді сақшылар.   

Әйгерім НҰРҒАЗИНА, ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Бүгінгі күнде ұрланған ақшаның басым бөлігі қайтарылды. Күдікті осы пошта техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар істеген және банкоматқа ақша толтырған кезде әдейі ашық қалдырып, түн ортасында ұрлыққа келген.

М. Дюсекина