$478.58 €520.84 ₽5.44
×

Барлық жұмыс істейтін азаматтарға медициналық тексеріс анықтамасын өткізу міндеттелуі мүмкін

AstanaTV
20.02.2019ж. 20:00
2655
Барлық жұмыс істейтін азаматтарға медициналық тексеріс анықтамасын өткізу міндеттелуі мүмкін

Бұдан былай барлық қызметкерлер жұмыс орнына медициналық тексеріс анықтамасын өткізуге міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті әзірлеген жұмыс тобы өкілдері хабарлады. Онда азаматтарға бірқатар міндетті нормалар қарастырылған. Тіпті, кодекстің құрылымы 70 пайызға өзгермек. Құжатты дайындау кезінде 1000-ға жуық ұсыныс келіп түскен. Көбі қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне қатысты.  

Талғат ТҰРМАҒАНБЕТ, ҚР ДСМ ЗАҢ ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Жаңашылдықтардың бірі - бұл кодекстің жобасы негізгі азаматтардың денсаулығын сақтауға, профилактикаға байланысты. Негізгі акцент азаматтар денсаулығының профилактикасына жіберілетін болады. Бұрын бұл переченьге сәйкес болды. Қоғамдық транспорт жүргізушілері және денсаулыққа зиянды жерде жұмыс істейтін компаниялардағы қызметкерлерге өткізуі міндетті түрде.

Бірақ, қоғамдық талқылауға келген медицина сарапшылары кодекске қандай өзгеріс енгенін білмейтін болып шықты. Бұрынғы заңнамамен салыстырып, сараптама жасауды сұраған едік. Уақытты босқа жоғалтпауымызды өтінді.  

Болат ҚУАНЫШБАЕВ, ҚР ДСМ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ: 

- Анализы?

- Да

- Вы назовете нам? Или мы зря теряем время?

- Мне кажется, вы зря теряете время.

А. Бектас