Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ресей бүкіләлемдік интернет желісінен ажыратылуы мүмкін

AstanaTV
21.02.2019ж. 20:00
2316
Ресей бүкіләлемдік интернет желісінен ажыратылуы мүмкін

Ресей бүкіләлемдік интернет желісінен ажыратылуы мүмкін. Мемлекет басшысы Владимир Путин өзге елдердің осындай әрекетке баруын жоққа шығармайды. Сондықтан, ел билігі ешкімнен тәуелсіз сегменттер қалыптастыруға күш салуы керек. Ресей Президенті ақпарат өкілдерімен кездесуінде осылай деді. Еске салайық, өткен аптада ғана Мемлекеттік Дума депутаттары Ресей интернет сегментінің тұрақтылығы туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған болатын. Онда Ресей интернет-ресурстарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін инфрақұрылым жасау мәселесі қарастырылған. Бұл бастаманы іске асыруға бюджеттен 20 млрд рубль бөлінуі мүмкін деп хабарлайды «Рейтерс».  

Владимир ПУТИН, РФ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Серіктестеріміздің ойында не барын білмеймін ғой. Сондықтан нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ, мұндай әрекет олардың өздеріне зиян. Саяси жағынан ғана емес, экономикалық тұрғыдан да залалын көреді. Ғаламтор желісі солардың өнертабысы болғандықтан, олар бәрін көріп, тыңдап, оқып отыруы мүмкін. Ақпараттың бәрін жинап отыруы ықтимал. Бірақ, олай істемес бұрын олар жүз рет ойланатын шығар. Теориялық тұрғыдан бәрі де мүмкін. Сондықтан, біз дайын болуымыз керек.

Д. Қайыртай